14
февраль
2024
«Табысты үштік» жобасы
«Табысты үштік» жобасы аясында ата-аналармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 8 “Ә” сыныбының сынып сағатын Рысбай Динаның анасы Айғараева Тоғжан Ратқызы мен сынып жетекшісі Абделиева Жулдыз Жамбылқызы бірлесе өткізді.
Тақырыбы: “Әлеуметтік медиа”.
Білім алушылар әлеуметтік желіні қажетіне пайдалануды және пайдасы мен зияны жағына тоқталып, ата-ана мен балалар өзара пікір алмасып талқылады. Сынып сағатынан білім алушылар біраз мағлұматтар алып, оң терісті анықтай алды.
Ата-аналар үйде және мектепте түрлі тақырыптық бағытта балалардың пікірін қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.