31
январь
2024
Білім алушылармен тәрбие сағаты
Керімбай атындағы №12 мектеп гимназиясының 5 «А» сыныбының тәрбие сағатын Серік Жанеркенің анасы Хусаинова Перизат Рүстемқызы өтті. Тақырып: «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны». Тәрбие сағаты өте қызықты және жоғары деңгейді өтті. Ұялы телефонның пайдасы мен зияны қазіргі таңда өте өзекті мәселелердің бірі. Ұлы Абай Құнанбайұлының керемет өлеңінің үзіндісінен:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас
Деп, әр ата-ана, ұстаз болып өсіп келе жатқан ұрпаққа дұрыс жолды бағыттау біздің тікелей міндетіміз.