08
декабрь
2023
Ата-аналармен сынып сағаты
Ұлы ғалым,философ Әбу-Насыр Әл-Фараби “Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен” . Ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана және білім алушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі артады.Осы орайда Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлының басшылығымен, тәрбие орталығының ұйымдастыруымен әр оқу жылы ата-аналар сынып сағатын өткізу жалғасын табуда. “Болашақта мен кім боламын?”тақырыбында 8”Г” білім алушысы Тлеубай Ғұмырланның ата-анасы Қырықбаева Гульзада тәрбиелік мәні зор, білім алушыларға ой салатын сынып сағатын өткізді.