16
ноябрь
2023
“Жемқорлықсыз жол-сенімді жол” тақырыбында эссе
Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі - сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.
Мемлекеттің дамуына әділетсіздік танытқандарды өткен ата-бабаларымыз да қатты сынаған. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің және басқа да би - шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп - өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде ұстаздарымыздың рөлі ерекше. Әрбір баланың бойынан патриоттық сезімді оята отырып, оларды адал еңбек етуге баулу,біреудің еңбегін пайдаланбауға тәрбиелеу біздің басты мұратымыз. Осындай іс-шараларды мектебімізде өткізіп тұрамыз.
Қараша айының 16сы күні #Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 6-7-8 сыныптар арасында “Жемқорлықсыз жол-сенімді жол” тақырыбында эссе жазылды. Мақсаты: білім алушылардың адал жолды таңдап, еңбекқор болуға шақыру,патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.