24
октябрь
2023
«Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының қорытындысы
Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады.
Дмитрий Менделеев
2023 жылдың 20 қазан күні Республикалық жас зерттеушілердің «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары сайысының қалалық кезеңі болып өтті. Мақсаты балалардың зерттеу кызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Мектеп-гимназиямыз бойынша қатысқан төмендегідей білім алушылар жүлделі орындарды иеленді.
1. Берік Арынқожа Жасөркенұлы, 6 «В» сынып білім алушысы, қазақ тілі мен әдебиеті секциясы; Тақырыбы: "Жамбыл шығармалары-тәрбиенің қайнар көзі" ІІІ орын Жетекшісі: Қуатова Ұлжан
2. Сакен Томирис Жасұланқызы, 7 «Е» сынып білім алушысы, физика секциясы; Тақырыбы: «Өңделген судың оптикалық тығыздығын анықтау» ІІ орын. Жетекшісі: Әбдіқадір Арайлым
3. Төлеубек Айару Нұржанқызы, 2«А» сынып білім алушысы, этномәдениеттану секциясы; Тақырыбы: «Ұлттық жеміс тағамы қауынқұртты жаңғырту» ІІ орын. Жетекшісі: Дүйсалиева Актоты
4. Зәуірбек Кәусар Серікқызы, 3 «Д» сынып білім алушысы, медицина секциясы; Тақырыбы: «Бала денсаулығына әртүрлі тәттілердің зиянды әсері» ІІІ орын. Жетекшісі: Райкулова Сейсенкуль
5. Орынбасар Айсула Бахытбекқызы; 6«А» сынып білім алушысы, орыс тілі мен әдебиеті секциясы; Тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин-новатор педагогики» ІІІ орын. Жетекшісі: Жусупова Диана.