13
апрель
2023
«Дос болайық бәріміз» атты тәрбие сағаты.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 3 «Е» сынып оқушыларына ата-ана Жекей Назерке «Дос болайық бәріміз» атты тәрбие сағатын өткізді.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық деп қорытындылады.