05
декабрь
2022
Lesson study зерттеу сабағы.
Lesson study №1 зерттеу сабағының жоспарын талқылап, талқылау барысында тағы да ұсыныстар ұсынылды. Осы ұсыныстарды ескеріп, №2 зерттеу сабағының жоспарын бірлесе құрдық. Әрине, мұнда «оқушы үнін» ескере отырып, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастыруды басты назарда ұстадық.
– Осы жоспар бойынша сабақ өтілді, оқушыларға бақылау жүргізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Лепті сөйлем». Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Айнакулова Әсем жүргізді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы А оқушысы – өз деңгейінде жауап берді, ал В оқушысы – түсінгенін жазғанымен, сөйлем түрін анықтай алмады. С оқушысы – сөйлем түрін анықтап, жаза алмады. Сабақтан кейін, бақылаудағы оқушыларлардың сұхбаттарының «Ыстық орындық» әдісінде қобалжып, өз ойларын білдіре алмағанын байқадық, келесі сабақта оқушыларды орнында отырып жауап беретіндей әдіс таңдау қажеттігін білдік. Сөйтіп, келесі зерттеу сабағына «Біз не білдік?» әдісін қолдануды жоспарладық.
– Зерттеу сабағының оқушыларға әсерін білу үшін, бақылаудағы оқушылардан сұхбат алынды.