22
ноябрь
2022
Lesson Study зерттеу сабағы.
Мұғалім тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттегі зерттеудің ерекеше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл-Lesson Study зерттеу сабағын жүргіздік. Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге, оқушыларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге мүмкіндік туғызады.
Зерттеу сабағын жүргізу үшін Lesson Study зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында 12 мектеп-гимназиясының 7 педагогы бар. Зерттеу тобының атауы:《ТАЛАНТ》. Зерттеу тобындағы 7 педагог әр пән мұғалімдері . Зерттейтін топпен алдымызда кездескен осы уақытқа дейінгі проблемаларды анықтадық.
Зерттеу нысаны ретінде 3 《Б》 сыныбын таңдап алдық. Зерттеуге қатысатын мұғалімдермен бірлесе бақылауға алынатын оқушыларды анықтадық. А оқушысы-сабақта белсенді, үлгерімі жақсы, бірақта қасындағы басқа оқушыларға көмек қолын соза бермейді. В оқушы сабақта үлгерімі орташа, карта, суреттерді талдау дағдысы толық қалыптаспаған, мұғалімнің көмегімен орындай алады. С оқушы сабақта белсенділігі, ынта-жігері төмен.
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Өткізген: Шымырбай Нұрай