шағын фудболдан республикалық "Қазақстан мұғалімдерінің спартакиядасына" қатысып мектеп-гимназиямыздың дене шынықтыру мұғалімі Қапаров Ельдар І орынды иеленіп, тренер сертификатын алды.
Мектеп-гимназия жетістігі тағы бір кубокпен толықты... Қалалық білім бөлімінің ұйымдастырылуымен "Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына" орай қала мектептерінің педагогтары арасында өткен волейболдан мектеп-гимназия командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Үздік қазаақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" атты байқауға мектеп-гимназия ұстазы Гүлзейнеп Бақтиярқызы қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Мектеп-гимназия қоржыны тағы бір жетістікпен толықты. Орыс әдебиеті пәні бойынша Республикалық "ПедСтарт" қашықтық олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері Света Тынысбековнаны құттықтаймыз!
Республикалық "Біз іздеген таланттар" жас таланттар байқауына "Робототехника" номинациясы бойынша қатысқан білім алушыларымыз Серік Бақдәулет пен Намен Нұржан жүлделі ІІ орынды иеленді.