"Елін танытқан ер тұлға" атты book point » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Елін танытқан ер тұлға" атты book point
13
январь
2026

"Елін танытқан ер тұлға" атты book point

12.01.2026ж."АдалАзамат"біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде "Балалар кітапханасы" жобасы аясында Керімбай атындағы #12 мектеп-гимназиясының кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Д.А.Қонаевтің туылғанына 114 жыл толуына орай "Елін танытқан ер тұлға" атты book point болып өтті.

Мақсаты: Ел тарихында елеулі із қалдырған көрнекті тұлғамыз Д.А.Қонаевтің өмірі мен еңбегін насихаттау, олардың елге сіңірген қызметін жас ұрпаққа үлгі ету, оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштік рухын қалыптастыру.
Кітаптар мен дереккөздер арқылы тұлғаның адами болмысы, көшбасшылық қасиеті мен азаматтық ұстанымын таныта отырып, оқуға қызығушылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді.Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүреді.Ол-Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Мектеп кітапхана меңгерушісі Қ.Бекеева оқушыларға Д.А.Қонаевтің өмір жолы мен еліне сіңірген еңбегі жайлы толық мағлұмат беріп өтті.
Қонаев – Қазақ КСР-ның мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері.
1960–1962 және 1964–1986 жылдары Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметін атқарды — бұл республика тарихында ең ұзақ жетекшілік еткен басшы болды.
Оның басқаруында Қазақстан индустриясы мен ауылшаруашылығы қарқынды дамып, көптеген жаңа өндіріс және әлеуметтік нысандар салынды. Қонаев ғылымға да жеке көңіл бөліп, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және техника ғылымдарының докторы болды. Экономикалық даму: өнеркәсіп пен ауылшаруашылықты сапалы көтерді, Қазақстан КСРО ішінде экономикалық тұрғыдан маңызды өңірге айналды. Білім мен ғылым: ғылымды қолдап, кадрлар дайындауды ынталандырды. Мәдениет пен спорт: мәдениет пен спорт нысандары салынды, оның ішінде әйгілі Медеу кешені мен Ұлттық кітапхана сияқты ірі ғимараттар. Ұлттық мақтаныш: қазақ халқының біртуар тұлғасы ретінде халық есінде сақталып, көше, мектеп, мәдени орталықтар оның атын иемденген.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — өзінің ел мен жерге адал қызмет еткен мемлекет және қоғам қайраткері. Оның өмірі мен еңбегі бүгінгі Қазақстанның даму тарихында ерекше орын алады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив