Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына арналған "Балалар әдебиетінің шамшырағы" атты танымдық сағат » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына арналған "Балалар әдебиетінің шамшырағы" атты танымдық сағат
23
январь
2026

Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына арналған "Балалар әдебиетінің шамшырағы" атты танымдық сағат

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" мен Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясының кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын,жазушысы Әдібай Табылдының туғанына 100 жыл толуына арналған "Балалар әдебиетінің шамшырағы" атты танымдық сағат мектеп кітапханасында болып өтті. Мақсаты: Әдібай Табылдының 100 жылдығына орай, жазушының өмірі мен шығармашылығын таныту. Оқушыларды әдебиетті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Балалар әдебиетінің маңызын насихаттау.

Іс-шара барысында ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан Әдібай Табылдының балаларға арнаған тілге жеңіл, 6"Д" сынып оқушылары А.Бөріқожа "Ұстаз болам", Н.Болат "Ана тілі", Ұ.Есбол "Әдеп пен әдет", Н.Советхан "Ел таңбасы" , Н.Әбілхан "Ұстаз-Ана , Ә.Әбдікерім "Көп оқиды тектілер", Е.Кемелбек "Отанға қорған боламыз", Ә.Болат "Басты нәрсе-ғылымда" атты ойы анық өлеңдерін жатқа айтып берсе, Ә.Табылдының шығарма желісі бойынша "Ақ әженің қуанышы" және "Еркебайдың ертеңі" атты сахналық қойылым көрсетілді. Шара соңында Ә.Табылдының шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылып таныстырылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив