Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің теориялық білімін анықтап, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында мұғалімдерге арналған I облыстық “Сөз мергені” топтық пән олимпиадасы болып өтті. Пән олимпиадасында мұғалімдер төрт кезең бойынша бақ сынасты. "Тапқыр болсаң тауып көр” "Кім жылдам ? ” "Әдебиет танытқыш” "Тіл-құрал”. Нәтижесінде, бас жүлдені Тараз қаласысының педагогтары иеленді.