Республикалық зерттеу жобалар конкурсы » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық зерттеу жобалар конкурсы
27
ноябрь
2023

Республикалық зерттеу жобалар конкурсы

Жалпы білім беретін пәндер пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының  қалалық, облыстық кезеңі өтті
  Конкурстың мақсаты - оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару. 
  Жобаларды қорғау бойынша ұйымдастырылған конкурстың бірінші туры 16 секцияда, 4 бағытта өткізілді. 
Қалалық кезеңнен 5 білім алушы жүлделі орындарды иеленді.
1. Алшинбай Аружан Серикжанқызы    11 «Б» сынып білім алушысы қолданбалы математика секциясында «Табиғаттың фундаменталды заңдарына бағынатын денелер қозғалысының математикалық моделі» тақырыбы бойынша  қорғап  ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі  Курбонова Рабига Шамшиддиновна;
2. Аскарова Жасмин Азаматовна  10 «Б» сынып білім алушысы  тіл білімі секциясында «The effect of computer games on the child»тақырыбында қорғап ІІІ орынды иеленді.  Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Саулешева Наргиза Бейбитбековна ;
3. Қалдыбек Айлара Асқарқызы   9 «А» сынып білім алушысы  Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясында  «Эко-Тараз стратегиясы:  қоқысты инновациялық басқару тәсілдері» тақырыбында қорғап  «Алғыс хатпен марапатталды.  Жетекшісі география пәнінің мұғалімі Мадешова Гульжан Ашировна ;
4. Бекенова Жанерке Ержановна 10 «Ә» сынып білім алушысы  тарих секциясында «Жамбылдық жауынгерлердің еленбей  қалған ерліктері» қорғап ІІ орынды иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Шартыкбаева Гаухар Кеулимжаевна; 
5. Амангельды Әсем Әлібиқызы 10 «Ә» сынып білім алушысы Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясында  «Ара  өнімдерінің химиялық құрамы мен емдік қасиеті» тақырыбында қорғап ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: химия пәнінің мұғалімі Дуйсебаева Алтынай Балтабаевна ;
  Үздіктердің үздігі атану үшін облыстық кезеңге 9-11 сынып аралығындағы  мектеп-гимназиямыздың 4 білім алушысы  қатысып бақтарын сынады,   нәтижесінде 
1. Аскарова Жасмин Азаматовна 10 «Б» сынып білім алушысы  тіл білімі секциясында «The effect of computer games on the child»тақырыбында қорғап ІІ орынды иеленді.  Жетекшісі: ағылшын тілі пәні мұғалімі Саулешева Наргиза Бейбитбековна ;
2. Бекенова Жанерке Ержановна 10 «Ә» сынып білім алушысы  тарих секциясында «Жамбылдық жауынгерлердің еленбей  қалған ерліктері» қорғап ІІ орынды иеленді. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Шартыкбаева Гаухар Кеулимжаевна; 
 

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз! Республикадан жүлделі орындарды иеленуге тілектеспіз! Сәттілік тілейміз!