Школьникам » Страница 24 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Страница 24
Білім алушыларымыздың жетістіктері.
02
январь
2023
Білім алушыларымыздың жетістіктері.
«Қазақтың біртуар ұлы-Дінмұхамед Қонаев» атты қалалық шығармашылық байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері 11 сынып білім алушысы Көмекбаева Балжан. «Ақберен» өнер байқауының ІІІ дәрежелі диплом иегері Кеңес Рәзия.  9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Ү «Абайтану» олимпиадасының қалалық кезеңінен «Бас жүлдені», облыстық кезеңінен ІІ орынды иеленген 11 сынып білім алушысы Сыдықбек Сая. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Гүлзейнеп Бақтиярқызы.
"Болашақ жастардың қолында" атты облыстық Пікірсайыс турнирі өткізілді
28
декабрь
2022
"Болашақ жастардың қолында" атты облыстық Пікірсайыс турнирі өткізілді
 ҚР Ұлттық Пікірсайыс федерациясы Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар басқармасының ұйымдастырумен "Болашақ жастардың қолында" атты облыстық Пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирдің мақсаты: Дебат қозғалысын насихаттау және қолдау. Аталған Пікірсайыс турнирінде мектеп-гимназиямыздың білім алушылары да бақтарын сынап, нәтижесінде 1) Абзалқызы Адал, 11 "А" сыныбы 2) Амангельды Асем, 9 "Г" сыныбы альфа-лигасында "Лучший фракция" номинациясын жеңіп алды. Сонымен бірге, білім
“Зерде” ғылыми жоба жеңімпазы.
15
декабрь
2022
“Зерде” ғылыми жоба жеңімпазы.
Обылыстық  “Зерде” ғылыми жоба ағылшын тілі пәні бойынша 1 орын.  Райымқұлова Дильназ 3Е сынып  оқушысы! Акерке әпкиіне рақмет.
11 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізілді.
12
декабрь
2022
11 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізілді.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 11сынып білім алушыларымен "Сіз мамандық таңдауға дайынсыз ба?" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері мен таңдау әдістері туралы түсініктерін кеңейте отырып,мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру. Педагог-психолог: Толепбергенова К.А.
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлері.
09
декабрь
2022
«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің
2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінен жүлдегер атанған білім алушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!    Райымқұлова Дильназ Женисовна  ағылшын тілі секциясы- 3 сынып- "Ағылшын тіліндегі мультфильмдердің кішкентай баланың сөйлеу дағдысына әсері" тақырыбы; Жетекшісі: Абдыкалип Ақерке Алибаевна   Рапилбек Алиби Ғаниұлы -орыс тілі мен әдебиеті секциясы-6 сынып-"Образ героя в казахском фольклёре" тақырыбы; Жетекшісі: Үрпекбаева Жазира
9 сынып оқушыларымен семинар-тренинг.
09
декабрь
2022
9 сынып оқушыларымен семинар-тренинг.
Мамандық таңдау - адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмірі осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл сауал оқушыны ғана емес, сондай-ақ оның ата-анасын да мазалайды. Мектеп-гимназиямызда 9 сынып білім алушыларына, мамандық таңдаудың қыр-сыры туралы ата-аналардың, яғни мамандық иелерінің қатысуымен Семинар-тренинг өткізілді.  Тақырыбы: "Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмір кілті".
Мектепшілік олимпиада жеңімпаздары.
06
декабрь
2022
Мектепшілік олимпиада жеңімпаздары.
Жаңартылған білім мазмұны білім алушыларды өз білімін түрлі өмірлік жағдайларда қолдануын, тұлғаның жан-жақты дамуын, көшбасшылық, ұжымда жұмыс жасай білу қабілетін қалыптастыру міндетін көздейді. Осы орайда оқушылардың ғылыми негіздері бойынша мектепішілік орыс тілі мен математика пәнінен пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 3 сынып оқушылары қатысты. Мектепішілік олимпиадада білімімен дараланған оқушылар жүлделі I,II, III орынмен марапатталды
Олимпиада жүлдегерлері.
02
декабрь
2022
Олимпиада жүлдегерлері.
  Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың қалалық  кезеңінде жүлделі орындар иеленген білім алушыларымыз бен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!    Досаева Шапағат-5 сынып-ағылшын тілі-ІІІ орын; Жетекшісі Шарипова Динара.     Талқанбай Ұлмекен-6 сынып-қазақ тілі мен әдебиеті- Грамота; Жетекшісі Иген Сания.     Құттымұрат Камила-5 сынып-орыс тілі мен әдебиеті- ІІ орын; Жетекшісі Мынбосынова Зауреш.     Аманали Даяна-6 сынып-орыс тілі мен әдебиеті-ІІІ
Мектепшілік олимпиада жүлдегерлері.
02
декабрь
2022
Мектепшілік олимпиада жүлдегерлері.
Керімбай атындағы №12мектеп-гимназиясының 4сыныптар арасында оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту,  мақсатында, 2022 жылы 25 қараша күні мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.  Олимпиада орыс тілі және дүниетану пәнінен өтті.  Өткен білім сайысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар және
Қалалық олимпиада жүлдегері
30
ноябрь
2022
Қалалық олимпиада жүлдегері
Жамбыл облысы әкімдігінің «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми - практикалық орталығы ұйымдастырған «Алтын сақа» олимпиадасының ІІ ҚАЛАЛЫҚ кезеңінде белсенділік танытып, көрсеткен ерекше жетістігі үшін оқушымыз Серікбай Айару Мақсатқызы мадақтама қағазымен марапатталды.