Менің Отаным-Қазақстан!
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында "Республика күніне" байланысты "Менің Отаным-Қазақстан" атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға "Арай" жастар газетінің тілшісі Қ.Қарасаева, облыстық Абай мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Құлекеева, Попечительский совет төрағасы А.Қартабаев, мектеп-гимназия түлегі, ақын "Шерхантану" орталығының қызметкері Д.Апбасов шақырылды. Іс-шара бес бөлімнен тұрды. І бөлімде қонақтарды мектеп-гимназия жас тілшілері қызықты сұрақтарымен қарсы алды.