25
сентябрь
2020
"Отбасы-бақыт мекені" апталық өтуде.
Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
Маған отбасымның әрбір мүшесі өте қымбат! Өмірдегі ең үлкен бақыт - толыққанды отбасының болуы деп білемін! Бақытыңызды жоғалтпас үшін әкеңіздің, анаңыздың, бауырларыңыздың жанында көп уақыт өткізіңіз! Олардың сіздің өміріңізде болғанына шүкірлік етіп, оларды бар кезінде бағалаңыз!
Керімбай атындағы12 мектеп-гимназиясының 10«ә» сынып білім алушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар.