Ардақты ардагер ұстаз
1 қазан – Халықаралық Қарттар күнінің ізін баса барша азамат ұлықтайтын ұстаздар күні де бой көрсетеді. Осы екі құрметке толы мерекені ұштастыра отырып, Керімбай атындағы мектеп-гимназиясының 8 "В" сынып білім алушылары мектептің ардагер ұстазы, ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметін атқарған Нуралиева Гуля Шабденовна апайын құттықтап қайтты. Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға