Информация » Страница 26 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Страница 26
"Әлемнің жарығын сыйладың сен маған " тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
07
март
2024
"Әлемнің жарығын сыйладың сен маған " тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Керімбай атындағы #12 мектеп-гимназиясының 3"ә" сыныбы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурызға "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған " тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
"Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында тренинг өткізілді.
07
март
2024
"Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында тренинг өткізілді.
Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып білім алушыларымен "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор тату болуға тәрбиелеу.
"Мен де оқимын,сенде оқы" жобасы
06
март
2024
"Мен де оқимын,сенде оқы" жобасы
3 сынып оқушылары "Мен де оқимын,сенде оқы" жобасы аясында "Қоянның үйшігі" ертегісін оқыды. 5 наурыз күні оқыған ертегімізді талдап, кеш ұйымдастырдық.
"Өмір сен ғажапсың" тренинг
06
март
2024
"Өмір сен ғажапсың" тренинг
Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет орталығының ұйымдастыруымен 6-сынып білім алушыларымен "Өмір - сен ғажайыпсың!" тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға өмір бір ақ рет берілетін үлкен сый екенін түсіндіру, адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту.
Тәрбие сағаты
05
март
2024
Тәрбие сағаты
Мектеп-гимназиямыздың "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшелері білім алушыларымыздың "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" туралы білімдерін арттыру мақсатында тәрбие сағаттарын өткізіп, өз ойларымен бөлісті. Еліміздің көркейіп өркендеуі үшін жемқорлықсыз болашақты таңдауға шақырды.
"Аңызға айналған арулар"
05
март
2024
"Аңызға айналған арулар"
Керімбай атындағы №12 мектеп- гимназиясының "Мұрагер" тәрбие орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектеп - гимназия кітапханасында  "Аңызға айналған арулар" тақырыбында кітапханашы М.Р. Егембердиева көрме ұйымдастырды. Көрмеге 6-7 сынып білім алушылары қатысып, өз ойларымен бөлісті.
ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ-МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ
02
март
2024
ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ-МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ
ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ-МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ МЕН ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЖЕМІСІ Күні кеше ғана Тараз қаласында  жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы болып өтті.  Конкурсқа мектеп-гимназиямыздың 10 сынып білім алушысы Бекенова Жанерке тарих секциясы бойынша қатысып,  жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Жетекшісі:  тарих пәнінің мұғалімі Гаухар Кеулимжайқызы.  Шәкірті мен ұстазын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз
Білім алушыларымыздың жетістіктері
29
февраль
2024
Білім алушыларымыздың жетістіктері
Тараз қаласында «ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN» халықаралық байқауы болып өтті.  Байқаудың мақсаты: дарынды, талантты өнерпаздарымыздың өнерін шыңдау.  Байқауға мектеп –гимназиямыздың  «Балауса»  би тобы  қатысып, «Рок-Н-Ролл»»  биін орындап, Гран При дәрежелі лауреат атанды. Сонымен қатар Түркия елінде , Ташкент қаласында және  Ыстық көлде өтетін халықаралық байқауларға қатысу үшін тегін жолдама алды.  Жетекшісі: Мағлұмбекқызы Фарида.
«Мен өскенде кім боламын» тәрбие сағаты
28
февраль
2024
«Мен өскенде кім боламын» тәрбие сағаты
Керімбай атындағы №12 мектеп гимназиясы 5 «А» сыныбында Айту Ерсіннің анасы Мауленова Газиза тәрбие сағатын өткізді. Тақырыбы: «Мен өскенде кім боламын» тәрбие сағаты білім алушыларға өте қызық болды. Оқушылар өте белсенді, жақсы қатысып отырды. Мауленова Газиза ата-анамызға көп-көп рахмет. Үлкен жауапкершілікпен және жақсы дайындықпен келіп тәрбие сағатын өте қызықты өткізді.