01
февраль
2022
"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбындағы дәстүрлі онкүндіктің ашылуы
2022 жылдың 1 ақпан күні Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбындағы дәстүрлі онкүндіктің ашылуы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, білім алушылар өз өнерлерін ортаға салды. "Мейірім төккен ана" атты "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірі, шығармашылығы, еңбектері туралы көрме ұйымдастырылды. Барлық ұжым мүшелері мен білім алушыларды онкүндік жұмысына белсене қатысуларына шақырамыз.