25
май
2020
Ерекше форматтағы соңғы қоңырау
Бүгін ерекше форматта "Соңғы қоңырау" болды.Барлық сыныптар бойынша ZOOM платформасы арқылы сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп-гимназия түлектерін директор Мұрат Жарылқапұлы құттықтап, әңгіме-сұхбат жүргізіп, ой бөлісті.
Білім нәрімен сусындап, азаматтық жігерлерің мұқалмасын, асқар шыңдарды бағындырыңдар, қонар тұғырларың биіктей берсін, арман-мақсаттарыңыз орындалып, өмір жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын , егеменді еліміздің білімді де білікті Азаматы болып өсе беріңіздер деп тілек білдірді.
Қиын кезде балаларына қолдау көрсете білген ата-аналардың да еңбегі өлшеусіз екені айтылып Алғыс білдірді.