03
сентябрь
2019
Оқушылар ережесі
Оқушылардың міндеттері мен құқықтары
Оқушылардық құқықтары:
- Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік пікірлерін білдіруге;
- Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
- Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуге белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
- Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
- Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
- Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;
- Тұрмыс ақуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар:
Оқушылардың міндеттері:
- Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез-келген жағдайда лайықты ұстау;
- Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясынкеңейтуге ынтамаен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу;
- Преподаватели мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру;
- Мінез-құлық ережелерін сақтау:
- Үлкендерді құрметтеу;
- Басқа адамның ар намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
- Мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады;
- Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
- Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу;
- Әр оқушы бекітілген мектеп формасының үлгісі бойынша киінуге және сабаққа қажетті оқу-құралдарын үнемі әкелуге, екінші аяқ киімі мен алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, техналоғия пәндерінің талап етілген киім үлгілерін, қатаң түрде сақтауға міндетті;
- Мектепке және оның ауласына қару, жарылғыш немесе басқа қауіпті заттарды, спирттік ішімдіктерді, есіртке, темекі, газ баллоншаларын қандай мақсатта болмасын алып келуге және қандай жолмен болмасын қолдануға тыйым салынады.
- Сабақ және іс-шаралар уақытында педагогтардың рұқсатынсыз мектептен кетіп қалуға болмайды. Себепсіз сабақтан қалуға болмайды. Сабаққа келмеген жағдайда оқушы сынып жетекшісіне қалу себебі жөніндегі дәргер анықтамасын немесе ата-анасының түсініктемесін сынып жетекшіге көрсетіп түсіндіруі керек. Оқу тәрбие үрдісі кезінде оқушы бір жері ауырып, өзін қолайсыз сезінген жағдайда мектептегі медицина қызметкеріне жолығуы керек. Медбике рұқсат етсе, үйіне қайтуына болады.
- Мектеп оқушысы өзіне қажеттіоқу құралдарын, дәптерін, күнделігін алып келеді. Мектепке сабақ кестесіне сәйкес пәндер юойынша домтапсырмаларын орындап келеді;
- Мектеп оқушысы үлкендерге сый-құрмет, кішілерге қамқорлық көрсетеді. Мектепке келген кісілермен амандасады. Мектептен тыс жерде өздерін мектеп атына, өзінің ар-намысына кір келтірмейтіндей ұстайды;
- Оқушылар мектеп мұлкін сақтап, оны жөндеуге көмектеседі;
- Қыз балалар шаштарын үнемі өріп, беттік бояуларын пайдаланбай, мектеп оқушыларына сай шаш үлгісін сақтауға тиіс;
- Ектеп оқушылары мектеп ішінде 2,5-3 с жоғары биік өлшемді аяқ киім киіп, тізеден 5 см жоғары юбка киюге тыйым салынады;
- Мектепке бағалы ұялы телефон алып келуге және сабақ уақытында ұялы телефондарын пайдалануға тыйым салынады.
- Қоғамдық іс-шараларға белсен араласып, өзінің саналы түрде болашақ мамандығын таңдауға дайындалуы тиіс;
- Оқушы қоғамға кері әсерін тигізетін насихат жұмыстарына араласпауы тиіс;
- Мектеп оқушылары кешкі сағат 22:00-ден бастап қоғамдық орындарда заңды өкілдерсіз жүруге тыйым салынады;
- Әр мектеп оқушысы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті;
- Осы Ереже талаптарын жүйелі түрде бұзған және оған мойын ұсынудан бас тартқан оқушыларға Мектеп жарғысына сәйкес, Мектеп кеңесінің талқысына салынады , ата-анасы шақырылып тәртіптік шара қолданылады.