01
апрель
2025
1-сыныбына оқушы қабылдау
2025-2026 оқу жылында Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 1-сыныбына оқушы қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен (2024 жылдың 30 қаңтарындағы №16 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бекітілген “Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы” бұйрығының 9-2 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымы 9-тармаққа сәйкес қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамассыз ете отырып, алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамассыз етеді.
