03
август
2024
Міндетті мектеп формасы!
Керімбай атындағы № 12 мектеп-гимназиясының 2024-2025 оқу жылына арналған мектеп формасы туралы мәлімет.
«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгерістер еңгізу туралы» ) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 30 желтоқсанындағы №534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес 1-11 сынып оқушыларының формасы төмендегідей:
1). Ұлдардың мектеп формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде( қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұру керек.
2). Қыздардың мектеп формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет,белдемше (юбка ұзындығы тізеден төмен болу керек) классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұру керек.
3). Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен спорттық қара шалбар, ақ футболка, спорттық аяқ киімнен крассовка, кеды тұрады.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.