12
февраль
2024
"Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік" тақырыбында ата-аналармен жиналыс
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 5 "ә" сыныбы ата-аналарымен "Әлімжеттік және бопсалауға жол бермейік" тақырыбында жиналыс өткізілді. Аталған тақырыпқа сай ата-аналармен түрлі пікірталастар жүргізілді. Ата-аналар комитеті төрайымы Дамира Ниязалықызы сөзге шығып, жақында ғана мектеп- гимназия директоры Мұрат Жарылқапұлының бүкіл 5-сынып ата-аналар комитеттерін жинап жасаған жиналысының да осы тақырыпқа сай өзекті тапсырмаларын ата-аналарға жеткізді. Сынып жетекші тарапынан ата-аналарға балалардың күнделікті сабағын, мектеп формасы мен тәртібін қадағалаумен бірге смартфондарын тексеріп, олардың тағы қандай ортамен байланысын бақылау тапсырылды.
Сынып жетекшісі Құрбанова Р.Ш.