26
январь
2024
Lesson Study әдісі
Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз. Осы секілді құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Lesson Study әдісі туралы өз түсініктерін кеңейтіп, оның ерекшеліктерімен танысуда. Сабаққа қатысушы басқа ұстаздар тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады.
Кезекті сабақты ағылшын тілі пәні мұғалімі Курманбаева Айгерім өткізді.
Сынып: 7 В
Сынып жетекшісі: Мырзақұлова Гүлнар
Сабақтың тақырыбы: Skills and people
Сабақта "A,B,C, серпілген сауал" әдістері қолданылды. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты.