16
февраль
2023
Lesson Study зерттеу үдерісі
Lesson Study зерттеу үдерісі бойынша «Жас қанат» тобының жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәнінен Гульнар Мырзакулова «My dream school» тақырыбында сабақ өткізді.Топ мүшелері бірлесе отырып, сабақ жоспарын, оқу жоспарын негізге ала отырып жасадық. Және өз тобымыздың зерттеудегі келелі мәселесін ескере отырып, стратегияларды пайдалана отырып жасадық.
Сабақты ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Жұмыр Қылыш» күйін сергіту сәтімен бастадым. Оқушыларды тақырыпқа сай, аты аңызға айналған Томирис ханшайым, Қобыланды батыр, Айша Бибі суреттерімен топқа бөлдім. Оқушылар орындарына отырғаннан кейін, «Миға шабуыл» жасап, қандай әуен тыңдадыңдар?, кімдердің суреттерін көріп тұрсыңдар?, кітап оқыған ұнайды ма?, - сияқты сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын аштық. Оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстырып, олар бүгінгі сабақта неге қол жеткізетінін айты өтті.
Сабақ соңында бақылаушылар зерттеу деңгейіндегі оқушылардан сұхбат алды. А деңгейіндегі оқушы осы сабақта өзін еркін ұстап, басқа оқушыларға қарағанда жоғары деңгейде жауап беріп отырды. Жауаптарын тек ағылшын тілінде айтты. В деңгейіндегі оқушы сенімсіздік танытып сабақта белсенділігін көрсете алмады. Оған кедергі тобындағы өзінің деңгейінен жоғары оқушы әсер еткендей болды. Сол себептен де ол, сол оқушыдан асып түсе алмады. С деңгейіндегі оқушы шамасы келгенше ойын қазақша жеткізді. Өзінің жауабына сенімсіздеу болып, жауап берсем ба, әлде дұрыс емес па деген сияқты күдіктермен отырды. Бірақ өзінің ағылшын тіліндегі деңгейін біліп мойындап отыр. Бұл оқушыларды әлі де басқа пәндерден зерттеу жұмыстары жалғасын табады.