30
март
2023
Мектепте сейсмикалық жаттығулар өтті.
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының төтенше жағдай кезіндегі құлақтандыру жүйесінің дабылы қағылған сәтте мектеп қызметкерлері мен білім алушылары сейсмо жаттығу нұсқауы бойынша сыртқа шықты. Шараның мақсаты жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтауға бағытталған. Оқу-жаттығу барысында ғимараттан барлық адам эвакуацияланып, жер сілкінісі кезінде практикалық іс-әрекеттер мен қатерге қарсы тұру дағдылары қалыптастырылды. Жалпы оқу-жаттығу кезінде мектеп оқушылары сыртқа шығарылып, эвакуациялық нүктілердің мүмкіндігі барынша тексерілді.