13
декабрь
2022
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің теориялық білімін анықтап, кәсіби деңгейін арттыру мақсатында мұғалімдерге арналған I облыстық “Сөз мергені” топтық пән олимпиадасы болып өтті.
Пән олимпиадасында мұғалімдер төрт кезең бойынша бақ сынасты.
"Тапқыр болсаң тауып көр”
"Кім жылдам ? ”
"Әдебиет танытқыш”
"Тіл-құрал”.
Нәтижесінде, бас жүлдені Тараз қаласысының педагогтары иеленді. Топтың құрамындағы мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шебер-педагог Гүлзейнеп Бақтярқызын жеңістерімен құттықтаймыз!