07
декабрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алынған болатын. Осы орайда # 12 мектеп-гимназиямызда 8”А” және 8 “Ә” сынып оқушыларының қатысуымен М.Қабанбайдың "Бауыр" әңгімесі талқыланды.
Мақсаты:
1.Білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
2.Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
3.Білім алушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Өткізгендер: Оспанова Р. Әбдіқадір А.