04
ноябрь
2022
"Тағылымды тәрбие -бала болашағы" тақырыбында жаңа форматта ата-аналар жиналысы.
04.11.2022ж күні Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында мектеп-гимназия басшысы М.Ж.Тұрысбек және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қапарованың ұйымдастыруымен "Тағылымды тәрбие -бала болашағы" тақырыбында жаңа форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ата-аналар бала тәрбиесіндегі кемшіліктер мен қателіктер туралы өзара және ұстаздармен пікір бөлісті. Балаға қатысты әртүрлі жағдаяттарды рөлге кіру арқылы сомдап көрсетіп, өз ойларымен бөлісті. Жиналыс соңында кері байланыс алынып, ата-аналардың ұсыныс тілектері тыңдалды.