18
октябрь
2022
Семинар-кеңес!
Бүгін мектеп-гимназиямызда жас мамандардың кезекті кеңес беру семинары ұйымдастырылды. Семинар-кеңесте ПШО арнайы шақыртылған тренер Мейрамкүл Алтмышовна «Қысқа мерзімді жоспар» құру ерекшелігіне тоқталып өтті. Сабақтың өзгеше өтуі, яғни дәстүрлі емес сабақтың өтуі мұғалімнің жоспарды құруынан басталады. Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар, орта және қысқа мерзімді жоспар. Ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Яғни, ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады.Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Қысқа мерзімді жоспар орта мерзімді жоспардың құрамындағы бір тақырыпқа байланысты, білім алушыға арнап құрылған сабақ жоспарының формасы немесе үлгісі. Яғни, Қысқа мерзімді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады.
Жас мамандар өздерінің түсінбеген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алып, әдістемелік көмек көрсеткені үшін Алғыс айтты.