21
май
2022
№12 мектеп-гимназия жанынан құрылған №58 референдум учаскесі
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназия жанынан құрылған №58 референдум учаскесінде мектеп-гимназия ұжымы мен ата-аналарға референдумның маңызы туралы түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу ұйымдастырылды. Жаңа Қазақстан құру жолында халықтың белсене қатысуы қажет екендігіне тоқталды. Жиын барысында мектеп-гимназия ұжымы мен ата-аналар референдумға бір кісідей атсалысатынын жеткізді.