ІҮ Республикалық «Абайтану» олимпиадасы » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » ІҮ Республикалық «Абайтану» олимпиадасы
20
май
2022

ІҮ Республикалық «Абайтану» олимпиадасы

   Ұлттың ұлылығын ұлықтаған дана Абайдың шығармашылық мұрасын бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша дамытып, болашаққа саф алтындай құнды күйінде жеткізуді мақсат-мұраты етіп ұстанған ІҮ республикалық «Абайтану» олимпиадасы Алматы қаласында жалпы білім беретін ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында өтті.
📌Олимпиадаға барлық өңір мен республикалық білім беру ұйымдары бойынша бірнеше оқушы қатысты. Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақ санасына терең әрі жан-жақты сіңіріп, өнеге мен тәрбиенің алтын қазығына айналдыруды көздеген олимпиаданың негізгі мақсаты-М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға жол сілтеу зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
🥈Олимпиадаға  мектеп-гимназиямыздың 10 сынып білім алушысы Абдуғали Асылжан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
👏Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , педагог-шебер, мектеп-гимназия тренері Гүлзейнеп Бақтиярқызы сертификат иеленді. 
🎊Шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтап, биік белестерді бағындыра берсін.
🎊Асылжанға  білім көкжиегіңіз ұлғайып, ғылымға деген құлшынысыңыз  арта берсін-деп тілейміз.