28
февраль
2022
Жыр патшалығының алыбы-Жамбыл
Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтуде.
Жамбыл Жабаев – қазақ халқының көрнекті ақыны, импровизатор. Ол 1846 жылы 28 ақпанда Шапырашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келді. Ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік-шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келгендіктен, ата-анасы таудың құрметіне орай Жамбыл деген есім береді. Жамбылдың домбыра аспабын ерте жасынан-ақ үйренуі оны басқа ақын-құрдастарынан ерекшелендірді. Жас Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы өзінің ұстазымен бірге жүріп, айтыс тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренеді.
28/02/22 күні Жамбыл бабамыздың 175 жылдық мерейтойына орай 5 “Д” сыныбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты білім алушыларға жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру. Өлеңі мен айтыстан үзінді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру.
Сынып жетекшісі: Иген Сания Абдекеримқызы