02
декабрь
2020
Тұңғыш Президент күні
Керімбай атындағы 12 мектеп -гимназиясының жас мамандарымен «Тәуелсіздік тірегім» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді жас мамандар жетекшісі Ұ. Куатова жүргізіп,отырыс барысында мақсаты таныстырылып,«Қазақстан кеше, бүгін...» тақырыбында сұқбат жүргізілді. Тәуелсіздік ке қалай қол жеткіздік деген тақырыпта Құттымұратова Ақерке «Желтоқсан боздақтары», Сұраш Наргүл «Президент күніне», Сәулешова Наргиза «Астана» атты тақырыптарында таныстырылым жасады. Сонымен қатар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Елдар, Төлеби, Арнат, бастауыш сынып мұғалімі Рахат өздерінің жыр шашуын арнады. Отырысқа қонақ болып қатысқан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л. Байдаулетова жас мамандарды құттықтап, тілегін білдірді.