Материалы за 03.10.2022 » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 03.10.2022
Мектепішілік пәндік олимпиада!
03
октябрь
2022
Мектепішілік пәндік олимпиада!
 Мектеп-гимназиямызда информатика пәнінен 5-ші сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға жалпы 14 білім алушы қатысып, 6 білім алушы жүлделі орын иегерлері атанды.  Атап айтсақ: 1 орын - Нұрбек Есқат,  2 орын- Жомартқызы Жайна,Тулеген Батыр, 3 орын- Али Ернар,Мақсатұлы Марат, Бахыт Арайлым.         Мектеп- гимназиямыздың әдіскері Салтанат Альмухаммедқызы білім алушыларды марапаттап, алда биік белестерді бағындыруға өз тілегін білдірді.
Ұстаздар мерекесімен құттықтау!
03
октябрь
2022
Ұстаздар мерекесімен құттықтау!
Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан, Жансыздар әлдилеген шуақты арман. Жатталсын есімдерің жан жүректе, Адамның аяулы әні сияқталған. Ұстаздар мерекесіне орай, ардагер ұстазымыз Додабаева Гүлжайнат Исанқызын   9 "Г" сыныбы ұстаздар мерекесі мен құттықтап, ардагер ұстаздан бата алып қайтты! Гүлжайнат Исанқызына  білім алушыларымыз өз ыстық лебіздерін білдірді.  Сынып жетекшісі: Иманбердиева Л.Б
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
03
октябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында #12  мектеп - гимназиясының  4" А " сынып білім алушылары кітап оқуға деген қызығышылықпен  және оқу белсенділігін арттыру, рухани  адамгершілік  құндылықтарын қалыптастыру мақсатында  Мұхтар Әуезов балалар кітапханасына барып  кітаптар оқыды. Келе жатқан  қала күніне байланысты Тараз қаласы туралы бейнефильмдер тамашалап, бір - бірімен ой бөлісті.