Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай қалалық сайыс
Сәуір айының 22 күні Тараз қаласында ардагерлер алқасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 77 жылдығына және ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай "Есті ене, көргенді келін" атты қалалық сайыс өткізілді. Мақсаты: ықылым заманнан бері ата-бабаларымыз отбасындағы тәрбие мен сыйластыққа, бірлікке, татулыққа ерекше мән берген ене мен келін арасындағы байланыстың өзара үйлесімдік тауып, шаңырақтың шырайын келтіруіндегі тәрбиені насихаттау. Байқауға қатысушылар алты кезең бойынша