Тамақтан уланудың алдын алу
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Тамақтан уланудың алдын-алу» тақырыбында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Мәлімет
Мақсаты: Тамақтан уланудың алдын алу.Тамақтану мәдениетін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
Мектеп-гимназия медбикелері Бектияр Алия,Токкулиева Томирис білім алушыларға «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстарынынң барысы төмендегідей:
Тамақтан улану – бұл әдетте ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүретін ауру. Әр түрлі микроорганизмдердің, көбінесе бактериялардың ағзаға тағаммен бірге түсуі оның себебі болуы мүмкін.
Тамақтан уланудың алдын алу бойынша ұсынымдар:
- тағамды дайындау кезінде гигиена ережесін сақтаңыз;
- тамақты дайындаудың термиялық режимін сақтаңыз;
- тамақтану және тағам дайындау алдында көкністер мен жемістерді, ыдыстар мен ас құралдарын жуыңыз;
- жұмыртқаны жармас (сындырмас) бұрын оны жақсылап жуыңыз;
- ас үй сүлгілерін, ыдыс жууға арналған губканы жиіс ауыстырып отырыңыз, себебі оларда ауру тудыратын бактериялар жиналады;
- бірнеше турайтын (кесу) тақтайларын қолданыңыз. Шикі ет пен балық кесілген тақтайға жасыл көкөністер мен жемістерді, ірімшіктер мен шұжықтарды кесуге болмайды;
- шикі ет пен балықты және дайын тағамдарды тоңазытқыштың бір бөлігінде сақтамаңыз;
- дайын өнімнің сақталу мерзімін сақтаңыз;
- азық-түлік сататын орындарды дұрыс таңдай біліңіз.
Қорытынды: Білім алушылар дұрыс тамақтану мәдениетімен танысып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейтті .
Мектеп-гимназия медбикелері : А.Бектияр
Т. Токкулиева