Қамқоршылық кеңес
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы қабылданып , ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15584 тіркелген « Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережесіне негізге ала отырып, 2017 жылдың қыркүйек айында «Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының қамқоршылық кеңесі ашылды». Қамқоршылық кеңесі мектепке оқыту және тәрбие жұмысында, материалды-техникалық қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсартуға септігін тигізуге құрылған.
Қамқоршылық кенестің міндеттері:
- білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үрдісінде практикалық көмек көрсету;
- оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;
- оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;
- оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;
- материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;
Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.
Ережеге сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері бекітілді. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің есеп шоты ашылып, тиісті құжаттары рәсімделіп, ата-аналарға таныстыру жұмыстар жүргізілуде.