Керімбайдың өмір тарихы
Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғаш Әулиеатада сауат ашу мектебін священник Белозерский 1876 жылы ашты. Ол 1879 жылға дейін жұмыс істейді.
Керімбай Бұралқыұлы 1862 жылы Әулиеата болысы, Билікөлдегі Тоғызтарау ауылында дүниеге келген. Жастайынан халқының қамы, болашағы үшін еңбектенген. Керімбай текті жерден шыққан. Оның бабалары Қаратеке, Шақан, Сарт, Қойгелді, Сарымырза-бәрі де жоңғар басқыншылықтарына қарсы күрескен батырлар, билер.
Ол 19 жасынан билікке араласқан, болыс сайланған.
*****
Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғаш Әулиеатада сауат ашу мектебін свещенник Белозерский 1876 жылы ашты. Ол 1879 жылға дейін жұмыс істейді.
1883 жылы қазақ батырларына арналған алғашқы интернат ашылды. Бұл интернатта Керімбай Бұралқыұлы өз қаржысына ашқан. 1895 жылы Әулиеата қаласында Асса орыс-қазақ мектебіне айналды.
Әулиеата кеңес мектебінің салушыларының бірі Ізбасар Абыланов. Ол 1910 -1939 жылдар арасында ұстаздық жұмыста болды. 1919 жылы Ізбасар Абыланов Асса интернатының меңгерушісі, 1922 жылы үздік оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
1904 жылы Асса интернатында Тұрдәлі Тоқбаев оқыды. 1916 жылы оқуды жақсы тамамдаған. Тұрдәлі Батыс майданға тылда жұмыс істеуге жіберілді. 1917 жылы Қазақ жастарының революциялық одағына мүше болды.
1924 жылы В.К. Юдахин Асса интернатының меңгерушісі болды. Сол жылдары Асса интернатында Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы, Отан соғысының ардагері Құрманбек Сағындықов, Қарымбай Қошманбетов, Сүгірбекұлы Күзембай, Әзімбек Смайылұлы, Сымық Бертаев тағы басқа көптеген қазақ батырлары білім нәрімен сусындады, бәрі де құрметті азаматтар болған.
1928-1929 оқу жылында Асса интернаты жеті жылдық мектепке айналады. Бұл мектеп интернаты осы жылдары пролеториат көсемінің есімімен Карл Маркс атындағы мектеп болып аталады. Бұрынғы Асса, Карл Маркс мектебін басқарып келген, бұл күндері арамызда жоқ Қазақ ССР – і мектептеріне еңбегі сіңген мұғалім Жақыпбай Қасымбековтың да еңбегі елеулі - ақ.
Ол 1928-1930 жылдары мұғалім, 1930-1933 жылдары оқу ісінің меңгерушісі 1933 жылы мектепке директорлыққа тағайындалған. Осы мектепке бұдан кейінгі жылдары Б.Х. Сартбаев директор болды. Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мұғалімі, Жамбыл қаласының құрметті азаматы.
1945 – 1952 жылдары Минкеев Иссақ директор болды. Қазақ ССР – нің халық ағарту ісінің озаты.
1952 – 1957 жылдары мектептің директоры Шарипов Жапар Мұнатаев Мурат, Иванов Васили Федорович мектеп директорының оқу ісінің орынбасарлары Жапар Шарипов осы мектепке бес жылдай жұмыс істейді.
1969 жылы қатты жер сілкінісі кезінде ескі мектеп құлап қалды. Бұрынғы мектеп төрт бұрышты: І қабатында 7 оқу бөлмесі, 2 қабатында 5 оқу бөлмесі болды. Жаңа мектептің іргесі қаланып біткенше 3-4 ай мектеп ауласында оқыды.
1967-1970 оқу жылында облыстың І-ші хатшысы Хасан Бектұрғановтың басшылығымен құлап қалған мектеп орнына қазіргі мектеп салынды. Мұрат Мұнатаев оқуын аяқтаған соң түлеп ұшқан меткебіне келіп тарих сабағын бере бастаған. Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері. Сонан бері 40 жыл өтті. Оқушыдан мектеп директорлығына дейін көтерілді. Бүкіл саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған Мұрат Мұнатаев 2002 жылы дүниеден озған болатын.
1985-1998 оқу жылдар мектеп директоры Тұрсынбаева Зоя Дұштайқызы оның орынбасары Күзембай Қуаныш, Дәулетқұлов Шалғанбай, Баймұханова Алма көптеген еңбекқор ұстаздар Атамқұлова Ж. Жұмаділова Д, Қамбарбекова С, Ұлтарақова А, Асанова К. озат тәжірбиесімен мектеп және қала ішінде кеңінен таралып келді.
Карл Маркс атындағы №12 мектеп Жамбыл қалалық әкімшілігінің 1992 жылы сәуір айының 17 күні №345 шешімімен Керімбай атындағы № 12 мектебі болып өзгертілді. 17 тамыз 1999 жылы №12 Керімбай орта мектебі қазақ тілінде оқытылатын мектеп болып қайта ұйымдастырылды.
1999 жылы Керімбай мектебінің алдына осы оқу орнының негізін қалаған ардақты атамызға ескерткіш бейне орнатылды. Ескерткіш авторы – мүсінші Сейіткерім Момышев.
2000 жылы мамыр айының 23 –де Сара Алпысқызы Назарбаева мектепке келіп, компьютер сыныбының жұмысымен танысты. Ұжым атына біліммен еңбекке табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді, қол таңбасын қалдырды.
1999 – 2006 оқу жылынан мектеп директоры Қорғанбаев Нұртас.
2006-2008 оқу жылынан мектеп директоры П.Ә.Ноғайбаева
2008 жылдың сәуір айынан бастап Н.Ж. Жамбекова мектепке басшылық етеді.
Оқытылу қазақ тілінде жүргізіледі. Педагогикалық ұжым – 116.
Оқушылар саны-1178.