05
июнь
2023
Түлектермен кездесу
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында білім нәрімен сусындап, бүгінгі таңда еліміздің әр түкпірінде қызмет етіп жүрген 2003 жылғы түлектермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім алушыларымыз түлектеріміздің өмір жолы туралы үлгі аларлық дүниелерді бойларына сіңірді. Өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесуде 7 сыныпта оқып жүріп қалалық газетте «Керімбай баба кім болған?» атты мақаласымен танымал болған бұрыңғы шәкіртіміз, қазіргі уақытта елімізге белгілі журналистердің бірі - Қуат Әуесбай да қонақта болды. Мектеп-гимназиямызда журналист болуды армандап жүрген білім алушымыз Мақсатқызы Әнелге өз қаламын сыйға тарту етті.Кездесу соңында түлектеріміз арнайы алып келген сыйлықтарын табыстап, аталған іс- шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп – гимназия ұжымы және директор М.Ж.Тұрысбекке алғыстарын айтып, білім алушыларға алдағы уақытта жақсы демалыс күндерін өткізуді тіледі.