23
апрель
2025
"Кітап алтын қазына" атты кітап көрме жәрмеңкесі
Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда құрылтай мүшелерінің Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы бастамасын қолдап, оқуға деген құштарлық – қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды құндылықтардың бірі екенін атап өткен. Осы мақсатта Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы Қаулысының негізінде Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуірде алғаш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні пайда болды. Осынау атаулы мереке де Керімбай атындағы #12 мектеп-гимназиясының кітапханашылардың ұйымдастыруымен 23-сәуір Ұлттық кітап күніне орай "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Балалар кітапханасы" бағдарламасы және де "Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасын іске асыру мақсатында "Кітап алтын қазына" атты кітап көрме жәрмеңкесі болып өтті.
Мақсаты: халық арасында кітап оқуды насихаттауға, соның ішінде жастардың мәдени, рухани жетілуіне,кітап мәдениетін жаңа денгейге көтеруге,оқушыларды кітапқұмарлыққа тәрбиелеп, насихаттау. Бүгінгі іс шарамызға бастауыш сынып білім алушылары келіп қатысты.Шара барысында кітапханашы Қ.Бекеева оқушыларға Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуірде алғаш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні пайда болғаны жайында, кітапхана туралы толық мағлұмат беріп түсіндіріп өтті. 4 "Г" сыныптың оқушылары "Мен оқыған бір кітап", "Сен білесің бе?", "Ойлан тап" атты түрлі қызықты ойындар мен логикалық сұрақтарға белсене атсалысып қатысты.Шара соңында оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарын жаздыртып алды.
