14
февраль
2025
Халықаралық кітап сыйлау күні
Халықаралық кітап сыйлау күні – жыл сайын 14 ақпанда аталып өтетін ерекше мереке. Бұл күннің басты мақсаты – адамдарды кітап оқуға баулу, кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту және кітаптарды сыйлау арқылы білім мен мәдениетті насихаттау.
Кітап сыйлау – тек сыйлық беру ғана емес, сонымен қатар:
• Білім мен танымды кеңейту – кітап оқыту арқылы адамдардың ой-өрісін дамытуға үлес қосамыз.
• Мәдениетті насихаттау – әр ұлттың әдебиетін, тарихын, дәстүрін танытуға көмектесеміз.
• Оқуға қызығушылықты арттыру – әсіресе балаларды кітап оқуға ынталандырудың тамаша әдісі.
Керімбай атындағы # 12 мектеп- гимназиясының
9 “ Г” сынып білім алушылары мерекеге орай бір-біріне кітап сыйлады.
Сынып жетекшісі: Жампозова Динара
