30
октябрь
2024
"Тәрбие трансформациясы: Жаңа көзқарас" тақырыбында тимбильдинг өткізілді.
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізілді. былтыр оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.
Осы орайда Керімбай атындағы 12 мектеп-гимназиясында 30 қазан күні "Мұрагер" тәрбие орталығының ұйымдастыпуымен "Тәрбие трансформациясы: Жаңа көзқарас" тақырыбында тимбильдинг өткізілді.
Мақсаты: Мектеп-гимназиясы ұстаздарына 2024-2025 оқу жылындағы біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшеліктерін толық түсіндіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.