10
июнь
2024
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР!
2023-2024 оқу жылы бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына мектеп-гимназиямыздың 385 білім алушысы, «Тарих ата» олимпиадасынан 183 білім алушысы жүлделі орындарды иеленді.
●Биыл мектеп-гимназиямызға 3 сынып комплектісін құрайтын жаңа жиһаздар келді. 2 бастауыш сынып, 1 үлкен сынып бөлмелеріне арналған.
◇Мектеп-гимназия ұжымы 100 пайыз «ОPIQ.KZ» платформасымен жұмыс жасауда.
◇Түрлі шығармашылық, спорттық бағыттағы конкурстарда 356 білім алушыларымыз республикадан жүлделі орындарды иеленуде.
◇«Алтынай» халықаралық хореографиялық конкурсынан «Балауса» би тобы «Бас жүлдені» ұтып алды.
◇Республикалық «Балдаурен» жасөспірімдер арасындағы футбол жарысынан 3- сыныптар бойынша ІІ орын, 4 сыныптар бойынша ІІІ орынды иеленді.
Республикалық «Тәуелсіз Қазақстан» атты байқауда «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша «Керімбай оркестрі» «Бас жүлдені» иеленді.
◇Италияда өткен халықаралық «World Art Games» байқауына Алмахан Рамазан қатысып І орынды иеленді.
◇Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап мектеп-гимназиямызда 1-4 сыныптың 742 оқушысы , 5-11 сыныптың 123 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
◇2023-2024 оқу жылында мектеп-гимнзаиямыз 3660 дана оқулықтармен, 243 электронды оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен, 546 көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілді.
◇Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында мектеп-гимназиямыз 100% бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген.
◇Педагогтардың біліктілігі білім сапасына тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. ◇2023-2024 оқу жылы бойынша мектеп-гимназиямыз бойынша 68 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
◇ 2023-2024 оқу жылында бері үрдіске айналған 2-11 сыныптар бойынша «Кіші олимпиада» ұйымдастырылып барлық пәндер бойынша апта сайын өтілуде.
◇Білім беру ұйымдарына «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізілді. Сонымен қатар мектеп-гимназиямызда ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды.
◇Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі, HR+ психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, психология ғылымдарының кандидаты Г.Вероцкаяның «Бестерек» жобасы арқылы психологтарымыз жұмыс атқаруда.
◇2023 жылы мектеп-гимназиямыздағы 15 жастағы білім алушылар «Мектептерге арналған PISА-2023» зерттеуіне қатысты.
◇2023-2024 оқу жылы бойынша «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері:
«Алтын белгі» - 1 білім алушы: Болатбек Альбина
«Үздік аттестат» -2 білім алушысы : Ғалымжанқызы Аяла, Қуандық Ұлдана.
◇2023-2024 жылы «Жас лидер» жобасы бойынша мектеп-гимназия командасы жүлделі орынды иеленіп құны 1000000 теңге тұратын панельдік тақтаны cыйлыққа алды.
◇2023-2024 оқу жылын 1978 білім алушымен аяқтадық.
◇2023-2024 оқу жылы бойынша «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары бойынша конкурста білім алушымыз жүлделі орындарды иеленді.
◇2023-2024 оқу жылы бойынша Республикалық ғылыми жоба байқауында 10 сынып білім алушысы Бекенова Жанерке тарих секциясы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді
◇2023 жылғы республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша қалалық кезеңінен 18 білім алушы, облыстық кезеңнен 6 білім алушы жүлделі орындарды иеленді.
☆ 2024-2025 оқу жылы ұжымға жағымды жаңалықтар мен толағай табысқа толы жыл болсын! Шәкірттеріміз үміттерімізді ақтап, биік белестерді бағындырсын!