01
ноябрь
2023
Электронды оқулық – заманауи оқу құралы
Электронды платформа – дәстүрлі оқулық мазмұнын түсінікті, тиімді, қызықты интерактивті және мультимедиалы материалдар арқылы цифрландыру құралы.
Күзгі каникулдың жоспарына сәйкес мектеп-гимназия педагогтарына «OPIQ.KZ платформасымен жұмыс» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Электрондық оқулық бейімділігі әртүрлі балаларға да өте ыңғайлы. Егер оқушы ақпаратты есту арқылы қабылдауға бейім болса, онда ол аудиожазбаны тыңдайды, немесе, керісінше, көзбен көре отырып жақсырақ қабылдаса, мұғалімнің бейнематериалын немесе таныстырылымын көрсететіні жайлы «Цифрлы мектеп-гимназия» жобасының жетекшісі Назерке Мұратқызы таныстырып, OPIQ.KZ платформасымен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Әр бірлестікпен жеке –жеке таныстырылым жасап , жеке педагогтарға түсіндіру, үйрету жұмыстары жүргізілді.
OPIQ.KZ – қазақстандық оқушылардың электрондық портфелі.
Интерфейс, функционалдылық, керекті ақпаратты табу және порталдың кері байланысын ұйымдастыру жұмысы Эстонияның платформасына ұқсас. Болашақта платформаның функционалдығын кеңейту жоспарлануда, мысалы, интернет болмаған кезде қажет болатын офлайн режімін енгізу қарастырылып жатқаны айтылды.