19
январь
2023
"Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық және әкімшілік жауапкершілігі" тақырыптарында 9-11 сынып ұлдарымен кездесу ұйымдастырылды.
Әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеппен байланысты нығайту мақсатында Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы жанынан "Әкелер кеңесі" құрылған.
Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Әке мен бала достығы» – ең қымбат құндылық, осы құндылықты дәріптеу мен насихаттау мектеп-гимназия жұмысындағы негізгі ұстанымдарының біріне айналып отыр. Бала тәрбиесінде әкенің алар орны ерекше.
–Әкелер кеңесінің жұмысы – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиесіне ат салысуға шақыру және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы ата-ананың белсенділігін арттыру мен мектептің ұл балаларын еңбекке тартуға бағытталған.
Осы орайда ақпанның 17 күні мектеп-гимназияда "Әкелер кеңесінің" мүшелері Мұсаев Қамбар Мәделбекұлы, Мукашев Ғани Аманбайұлы, Есентаев Нұржігіт, Хусайнов Нұртас, Кадиров Дүйсеннің қатысуымен "Кәмелетке толмағандарға қатысты жазаның түрлері", "Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық және әкімшілік жауапкершілігі" тақырыптарында 9-11 сынып ұлдарымен кездесу ұйымдастырылды.