30
май
2022
Жазғы мектеп
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында 26-шы мамырдан бастап жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Онда бастауыш сыныптар бойынша 212 оқушы қатысуда. Жазғы мектеп шектеу шаралары кезеңінде білім алушылар жіберген негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында ұйымдастырылған. Жазғы мектеп аясында негізгі пәндер бойынша топтық және жеке сабақтармен қатар оқушыларға арналған тереңдетілген курстар өткізіледі, бұл балалардың әртүрлі бағыттарда жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар психологиялық тренингтер, дене шынықтыру жаттығулары және т.б. ойындар өткізіледі.
Оқушылардың оқу құзіреттілігін арттыру және оқу дағдыларын дамыту үшін күнделікті 20-30 минуттық кітап оқулары ұйымдастырылады. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Күннің соңында қызығушылықтар бойынша ойындар ойнатылады.
Айта кететін жайт, жазғы мектепте үй жұмысы берілмейді, оқу үлгерімі бағаланбайды, оқушыларға еркін киіммен келуге рұқсат етілген. Күніне 40 минуттан 3-4 сабақ өткізіледі.