Дұрыс тамақтану туралы өткен тәрбие сағаттары туралы анықтама » СШ №12
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№12 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дұрыс тамақтану туралы өткен тәрбие сағаттары туралы анықтама
19
февраль
2026

Дұрыс тамақтану туралы өткен тәрбие сағаттары туралы анықтама

Дұрыс тамақтану тақырыбында өткен тәрбие сағаттарына

АНЫҚТАМА

Тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты – оқушыларға тиімді әрі теңгерімді тамақтану қағидаларын таныстыру, дәрумендердің пайдасы туралы түсінік беру, фастфуд пен зиянды тағамдардың ағзаға кері әсерін ұғындыру .

Мектеп-гимназияда білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру мақсатында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс тамақтану пирамидасы түсіндіріліп, күнделікті ас мәзірін құрастыру жолдары көрсетілді. Тамақтану мәдениеті, ас ішу тәртібі, жеке гигиена талаптары туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, топтық жұмыстар, пікірталас, сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар ұйымдастырылып, білім алушылардың белсенділігі арттырылды.

Тәрбие сағаттары барысында оқушылар дұрыс және дұрыс емес тағамдарды ажырата білді, пайдалы әдеттер қалыптастырудың маңызын түсінді.

Қорытындылай келе, өткізілген тәрбие сағаттары оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.


Әлеуметтік педагог                     Л.Баягизова Л

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив