5-10 сыныптардан алынған сауалнама қорытындысы
Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Мектептегі тамақтану бойынша 5-10сынып білім алушыларынан» алынған сауалнама қорытындысы
Мақсаты:Асхана жұмысын қадағалау,кемшіліктерді түзету.
5-10 білім алушыларынан тамақтану бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында сауалнама алынды.Сауалнамаға 574 білім алушы қатысты.Сауалнама төмендегідей 10 сұрақтан құралды.
Мектепте тамақтану Сізге ұнайды ма? Иә деп- 71,6% Жоқ деп-7,3% Кейде деп-21,1%
Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? Иә -87,5 Жоқ деп-12,5%
Тәуліктік ас мәзіріне сәйкес берілген тағамдар тойымды деп санайсың ба?
Иә деп-81,8% ,Жоқ деп-18,2%
Күнделікті үйіңізде таңғы ас ішесіз бе?
Иә деп-75,7% Жоқ деп-5,5% Кейде деп-18,8%
Сіздің денсаулығыңыз және үлгеріміңіз дұрыс тамақтануыңызға байланысты деп ойлайсыз ба?Иә деп -72,7% Жоқ деп-17,2% Жауап беруге қиналамын деп-10,1%
Сіз өз тағамыңызды дені сау және толыққанды деп санайсыз ба?
Иә деп-85,9% Жоқ деп-4,7% Жауап беруге қиналамын деп-9,4%
Дұрыс және дұрыс тамақтану туралы ақпаратты қайда аласыз?
Мектепте деп-18,4% үйде деп-53,3% Интернеттен деп-28,2%
Асханадан тамақтану үшін бекітілген уақыт кестесі бойынша барған дұрыс па? Иә деп-69,1% , жоқ деп-5,4% , Білмеймін деп-25,5%
Дұрыс тамақтанбаудың ауруларға әкеледі ме? иә деп-72,6%, жоқ деп-12,4% Білмеймін деп-15%
Мектеп асханасындағы тағам саған ұнай ма?Ұнайды деп 58,1%, орташа деп-38,4% ,ұнамайды деп-3,5% деп жауап берді.
Қорытынды: Білім алушылардан алынған сауалнаманың қорытындысы бойынша асхана жұмысы қанағаттанарлық
Әлеуметтік педагог: Л.Баягизова